.RU

Ақпарат Бюджеттің орындалуының жалпы қорытындысы

Дата11.04.2017өлшемі257.97 Kb.
2013 жылға

Бородулиха ауданы

бюджеттің атқарылуы жөнінде

ақпарат


  1. Бюджеттің орындалуының жалпы қорытындысы

Бородулиха ауданының бюджетінің атқарылуының жалпы қорытындысы келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:

(мың теңге)


Атауы
Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына түзету енгізілген бюджет

Есепті кезеңге қаржыландырудың жиынтық жоспары

Касса

лық орын


далу

Қаржы

ландыру


дың жиынтық жоспарына %

I.Кірістер

3058430

2978232,3

3406354,3

3406354,3

3431174,7

100,7
Салықтық түсімдер
734366

729135

729135

729135

767929,4

105,3

Салықтық емес түсімдер

1257

6789,4

6789,4

6789,4

7554,9

111,3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

4000

22166

22166

22166

7426,5

33,5

Ресми трансферттер түсімдері

2318807

2220141,9

2648263,9

2648263,9

2648263,9

100
II.Шығындар
3056430

3081344,5

3509466,5

3509466,5

3505761,9

99,9

III. Таза бюджеттік кредиттеу

41448

41448

41448

41448

41669




IV.Қаржылық активтермен операция бойынша сальдо

2000

0

0




-589

0

V.Бюджет тапшылығы (профициті)

-41448

-144560,2

-144560,2

-144560,2

-115667,1




VI.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

41448

144560,2

144560,2

144560,2

115667,1




Қарыздардың түсімі

46737

46737

46737

46737

46737

100

Қарыздарды өтеу

5289

5289

5289

5289

5289

100

Бюджеттік қаражаттардың пайдаланылған қалдықтары

0

103112,2

103112,2

103112,2

74219,1




Анықтамалық:



















Бюджеттік қаражаттардың қалдықтары



















Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдығы













103112,2




Есепті кезеңнің аяғына бюджет қаражаттарының қалдықтары













28893,1






Кірістер бойынша ауданның нақтыланған бюджеті 2014 жылдың 1 қаңтарына 3458380,3 мың теңгені құрады, келіп түскен түсім 3483568,7 мың теңге немесе 100,7 пайыз.

Соның ішінде:

- Өзіндік табыстар жоспар бойынша 758090,4 мың теңге, нақты келіп түскені 782910,8 мың теңге, профицит 24820,4 мың теңгені құрады.

- Ресми трансфертер жоспар бойынша - 2648263,9 мың теңге, келіп түскені – 2648263,9 мың теңге немесе жоспардың 100,0 пайызы.

Әрбір санаттар бойынша орындалу келесі тәртіп бойынша қалыптасты:

Салық түсімдер санаты бойынша орындалу 105,3 пайызға қалыптасты, жоспар бойынша 729135,0 мың теңге, келіп түскені 767929,4 мың теңге.

Төлем көздеріне салынатын кірістерден жеке табыс салығынан келіп түскен төлемдер 279132,1 мың теңге, жоспар бойынша 265100 мың теңге, ол 105,3 пайызды құрады. Асыра орындалу 14032,1 мың теңгені құрады. Асыра орындалудың себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде.

Төлем көздеріне салынбайтын кірістерден жеке табыс салығынан келіп түскен төлемдер 101,6 пайызға орындалды, жоспарда 37003,0 мың теңге, келіп түскен түсім 37595,5 мың теңге. Асыра орындалу 592,5 мың теңгені құрады. Асыра орындалудың болжамдық себебі: салық әкімшілерінің нәтижесінде.

Әлеуметтік салық бойынша келіп түскен түсімдер 210336,1 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 200500,0 мың теңге, орындалу 104,9 пайызды құрады.

Жеке меншікке салық 105,3 пайызға орындалды, жоспарда 200948,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 211655,0 мың теңге, соның ішінде:

Заңды тұлғалардың мүлкіне салық жоспар бойынша 108045,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 108827,1 мың теңге, орындалу 100,7 пайыз.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық бойынша 2823,6 мың теңге жоспарда 2650,0 мың теңге немесе 106,5 пайыз.

Жер салығы 103,8 пайызға орындалды, жоспарда 3800,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 3942,7 мың теңге.

Көлік құралдарына салық жоспар бойынша 65953,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 72492,9 мың теңге, орындалуы 109,9 пайыз. Салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде 4192,6 мың теңге қосымша өндірілді.

Бірыңғай жер салығы жоспарда 20500,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 23568,8 мың теңге, орындалуы 115,0 пайыз.

Акциздер жоспарда 3600,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 4111,9 мың теңге немесе 114,2 пайыз. Асыра орындалудың себебі – ЖЖМ жүзеге асыруда көлемінің артуына байланысты.


Табиғи және басқа да ресурстарды қолданғаны үшін түсімнің орындалуы 102,5 пайыз, жоспарда 8500,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 8709,5 мың теңге. Асыра орындалудың себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде.

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметтерді жүргізу үшін алым 123,2 пайызға орындалды, жоспар бойынша 8603,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 10596,5 мың теңге. Болжамның асыра орындалуының себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде, төлеушілер санының өсуі;


- жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін алым бойынша болжамда 767,0 мың теңге, нақты келіп түскені 794,4 мың теңге, орындалу 130,4 пайызды құрайды. Болжамның асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі;

- Лицензияланған алым бойынша болжамда 2965,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 3669,3 мың теңге немесе орындалу 123,8 пайызды құрайды. Әр түрлі сипаттағы төлемдер.

- Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша болжамда 522,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 612,1 мың теңге, орындалу 117,3 пайызды құрады. Асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі.

-Жылжымайтын дүние мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша болжамда 3900,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 4774,2 мың теңге, орындалу 122,4 пайызды құрады. Асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі.

- Тиянақталған салықтар бойынша жоспарда 488,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 585,3 мың теңге, орындалу 119,9 пайызды құрады.

- Жоспар бойынша мемлекеттік баж салығы 3680,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 4226,4 мың теңге немесе 114,8 пайыз. Асыра орындалудың себебі – салық төлеушілер санының өсуі.

Салықтық емес түсімдер санаты 111,3 пайызға орындалды, жоспар бойынша 6789,4 мың теңге, келіп түскен түсімдер 7554,9 мың теңге.

Басқа да салықтық емес түсімдер бойынша жоспарда 4700,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 5070,0 мың теңге, орындалу 107,9 пайызды құрады.

206109 коды бойынша келіп түскен түсімдер – 5070,0 мың теңге, соның ішінде:

- Қаржылық бақылау инспекциясының тексерісі бойынша –100,1 мың теңге.



-100,1 мың теңге – артық есептен шығарылған азық-түліктерді қалпына келтіру – 76,1 мың теңге, – 24,0 мың теңге Новошульба балдалар үйіндегі, ұялы байланыстары бойынша негізсіз шығындар.

-Білім басқармасының тексерісі бойынша– 32,4 мың теңге

-32,4 мың теңге – кабинетті түзету, үй-жайды ағымдағы жөндеу жұмыстарына негізсіз шығындар.



- «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ішкі аудитының тексерісі бойынша -117,1 мың теңге

117,1 мың теңге – негізсіз телефон келіссөздеріне Бородулиха медицина бірлестігінен келіп түсті.



-прокуратуралар тексерісі бойынша – 21,5 мың теңге

21,5 мың теңге - негізсіз келіссөздер, мүгедектер мен қарттарға арналған

Бородулиха медициналық-әлеуметтік мекемесінен келіп түсті.
-басқалар - 4798,9 мың теңге

-2,0 мың теңге – аудандық медицина бірлестігіне уақтылы жеткізілмеген жабдықтар үшін айып төлем,

132,0 мың теңге – Ж. Молдияровадан келіп түскен атқарушы парағы бойынша,

18,4 мың теңге - Н.В. Дурманенкодан келіп түскен атқарушы парағы бойынша,

35,5 мың теңге – вторчерметке тапсырылған, есептен шығарылған автомобиль шанағы АІІБ келіп түсті.

31,0 мың теңге – есептен шығарылған нөмірлер мен тапсырылған метал сынықтары АІІБ келіп түсті.


0,7 мың теңге – НИТ АҚ – қызмет көрсетуге артық аударылған сома.

3,6 мың теңге – ЖК Н.Н.Шворадан келіп түсті.

116,8 мың теңге – Т. А. Рымбаевадан атқарушы парағы бойынша келіп түсті.

18,0 мың теңге – А.В.Ежовтан атқарушы парағы бойынша келіп түсті.

10,0 мың теңге – М. Золочевскаядан атқарушы парағы бойынша келіп түсті.

3,2 мың теңге – Султанғазы Ерсіннен келіп түсті.

2,0 мың теңге – Аудандық мәслихат – 2012 жылға әлеуметтік аударымдар қайтарылды.

73,4 мың теңге – Аудандық мәслихат, өтілдерін қайта есептеуге байланысты, негізсіз төленген жалақылар қайтарылды,

2,1 мың теңге – Жұмыспен қамту бөліміне зейнетақы жарналары бойынша дебиторлық берешек қайтарылды.

4,0 мың теңге – И.В.Кемкинадан келіп түсті.

1465,0 мың теңге – «Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылық» КМК жергілікті бюджетке қолданылмаған қаражаттар қайтарылды.

13,7 мың теңге – АІІБ зейнетақы жарнасы қайтарылды.

2253,8 мың теңге – атқарушы парағы бойынша «Казсельбурводстрой» ЖШС бойынша дебиторлық берешектері өтеу. (Аукционда сатылған мүліктен келіп түсті).

3,3 мың теңге – анықталмаған келіп түскен түсімдер.

6,5 мың теңге – ОПВ қайтарылды жұмыспен қамту бөлімінен келіп түсті.

155,1,0 мың теңге – прокуратуралардың ұйғарымы бойынша (Краснояр ОМ) С.В. Құрмашовадан келіп түсті.

17,0 мың теңге – сот шешімі бойынша А.Ф. Келлерден келіп түсті.

63,2 мың теңге – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша оқуын тастаған И.Д. Құсмановтан келіп түсті, атқарушы парағы бойынша.

75,0 мың теңге – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша оқуын тастаған Г.Тусупбековадан келіп түсті.

74,7 мың теңге – металл сынықтарына тапсырылған «Саяжан» ЖШС келіп түсті.

190,3 мың теңге – Дебиторлық берешекті өтеу есебінен (атқарушы парағы бойынша) АТП «Семмелиорация» ЖШС келіп түсті.

16,6 мың теңге – металл сынықтарына тапсырылған иесіз автомобильге, 13,0 мың теңге – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша оқуын тастаған А.Б.Бойкодан келіп түсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 33,5 пайыз, жоспарда 22166,0 мың теңге, келіп түскен түсім 7426,5 мың теңге.
Барлығы 2013 жылы 6 мәслихат сессиясы өткізілді, соның ішінде.

-1 сессия бос қалдықтарды орналастыру, дамуға трансферттерді және ағымдағы трансферттерді нақтылау, бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша,

-1 сессия – бос қалдықтарды нақтылау және бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша,

-2 сессия – бюджеттік табыс және шығыс бөлігінің өсуі, бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша,

-2 сессия – ағымдағы трансферттерді нақтылау, бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша.

2014 жылғы 1 қаңтарға ағымдағы толық төленбеген төлемдер жоқ.



Шығындар бойынша аудан бюджеті 99,9 пайызға орындалды, нақтыланған жоспарда 3288828,2 мың орындалғаны 3285798,3 мың теңге.

I функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша шығындар 99,9 пайызға орындалды, жоспар бойынша 3561492,5 мың теңге орындалғаны 3557787,9 мың теңге.

Ауданда мемлекеттік қызметшілердің 107 бірлік санымен 18 ауылдық округтер бар, Әкім аппаратында – 21 бірлік, мәслихатта – 6 бірлік, қаржы бөлімінде – 6 бірлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 5 бірлік.

2013 жылы қосымша енгізілген штаттық бірліктерді ұстауға республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жалпы сомасы 6306,7 мың теңгеге компьютерлік техникалар мен жиһаздар сатып алынды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 автомобиль, мал дәрігерлік учаскелерге арналған 7 ғиарат, компьютерлік техникалар, жиһаздар, мемлекеттік рәміздер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, ауылдық округтерге 1 елтаңба, трансформатор, кондиционер сатып алынды. Аудан әкімінің аппаратына 1 автомобиль, вирусқа қарсы бағдарламалар, жүйелік блок, циркулялды сорғы, шаруашылық жабдықтар, кресло, стеллаж, мемлекеттік рәміздер, орындықтар, орг.техникалар, желдеткіш, телефондар, кондиционер, көгалшапқыш, бейнекамералар, прожектор сатып алынды. Мәслихат аппаратына кеңсе жиһаздарының жинағы, вирусқа қарсы бағдарламалар және office, кілем, аспашам, теледидар және модем сатып алынды, қаржы бөліміне кресло, жылытқыш, монитор, телефон аппараттары, бұрғы, конвектор, өзекті ақпараттарды тасымалдаушы сатып алынды, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне 1-С Бухгалтерия бағдарламасы, 4 дана вирусқа қарсы бағдарламалар, кондиционер, МФУ, лазерлі принтер сатып алынды.



II функционалдық топ «Қорғаныс» бойынша шығындар 99,8 пайызға орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 9773 мың теңге орындалғаны 9757,2 мың теңге. Дәрігерлік куәләндырылуға 878 адам жатты: көктемгі шақырылуда – 478 адам, күзгі шақырылуда – 400 адам. Медициналық сараптаманың құны бір адамға (әскери есепке тіркелген адам) 635 теңгені құрайды.

Красный Яр ауылдық округінің Уба өзеніне қашықтығы 0,2 шақырым жарылыс жұмыстары жүргізілді, ТЖ ескертуге Аи-80 бензинінен 721 литр және дизель жанармайынан 1265 литр сатып алынды.

Түздік өрттерді сөндіруге 1994 литр мөлшерінде ЖЖМ сатып алынды, соның ішінде 729 литр бензин мен 1265 литр дизель жанармайы.

III функционалдық топ «қоғамдық, тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-орындаушы қайраткерлік» шығындар 99,9 пайызға орындалды, жоспарда 807 мың теңге, орындалғаны 806,2 мың теңге.

58 дана металл тіреуішпен жаңа жол белгілері жасалынды және орнатылды.



IV функционалдық топ «Білім беру» 1823248,1 мың теңге сомасын құрады, жоспар бойынша 1824557,0 мың теңге, ол 99,9 пайызды құрайды.

Шағын орталықтарды және «Балабақша» КМҚК 1 тобын ұстауға «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 31595,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыруды ұстауға 55016 мың теңге жолданды және шығындалды, балаларға қосымша білім беру үшін 39917 мың теңге жолданды және шығындалды.

Жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапханалық қорын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 2013 жылға – барлығы 15676,5 мың теңге шығындалды, соның ішінде 606,0 мың теңге облыстық бюджеттің трансферттері есебінен. 23892 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді жеткізуге 955,0 мың теңге шығындалды.

Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 36050,3 мың теңге бөлінді. Жезкент кентіндегі мектеп-лицейіне 5541,0 мың теңге сомаға 1 мультимедиялық кабинет, Михайличенко ОМ, Камышенка ОМ жалпы сомасы 8193,0 мың теңгеге 2 химия кабинеті, Ивановка ОМ 4097,0 мың теңге сомаға 1 биология кабинеті, Переменовка ОМ 4097,0 мың теңге сомаға 1 физика кабинеті, жалпы сомасы 2400,0 мың теңгеге 2 қазақ тілі кабинеті, 1199,4 мың теңге сомаға математика кабинеті сатып алынды, мектептерге жалпы сомасы 3399,4 мың теңгеге компьютерлік техникалар сатып алынды, соның ішінде 21 компьютер. 7019,5 мың теңге сомаға мектеп жиһаздары сатып алынды, 104,0 мың теңге сомаға еңбек сабағына арналған тігін машиналары сатып алынды.

Комаров атындағы ОМ, Новопокровка ОМ республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 8193,9 мың теңге сомаға 2 химия кабинеті сатып алынды.

Табысы аз және жетім балалар үшін (тамақтануға, мектептік қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, жаздық алаңдарда сауықтыру демалыстарына) жалпы міндетті орта білім қоры бойынша шығындар 43343,2 мың теңгені құрады.

2013 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін табысы аз адамдар отбасынан 424 бала демалды. Жетім балалар санатындағы оқушыларды сауықтыру және демалту ұйымдастырылды, «Радуга» сауықтыру лагеріндегі басқа да санаттар және тәуекел топтарынан 52 бала. Туған өлке бойынша 4712 оқушыларды қамтитын экскурциялар мен 90 көкке шығу орындалды. Табысы аз отбасылардан бір оқушы Италияда демалып қайтты.

Ауданда 23 мектепте 34 елді мекеннен және 7 шағын аудандардан 916 оқушыларды күнделікті тасу жүзеге асырылады. Балаларды тасу үшін 27 көліктік бірлік қызмет етеді.

Ағымдағы жөндеу 10 шақты білім нысандарында орындалды, соның ішінде Жезкент кентіндегі мектеп-лицейі КММ үй астындағы жайлардың жылыту жүйесі мен кәріз жүйесін жөндеу – 4904,5 мың теңгеге, Зубаир ОМ КММ терезелерді ауыстыру ағымдағы жөндеу – 9530,0 мың теңгеге, Михайличенко ОМ КММ қазандықты ағымдағы жөндеу, ғимараттың шатырларын ауыстыру және жылыту жүйесін жөндеу – 10122,5 мың теңгеге, Киров атындағы ОМ КММ жылу жолын жөндеу, мектеп ғимаратына су құбырын төсеп салу – 1998,7 мың теңгеге, Успенка ТЕОМ КММ жылу жолын және жылыту жүйелерін ағымдағы жөндеу – 3007,5 мың теңгеге, Краснаполь ОМ КММ жылыту жүйелерін ағымдағы жөндеу – 16000,0 мың теңгеге, Әуезов атындағы ОМ КММ қазандықты ағымдағы жөндеу – 8000,0 мың теңгеге, Бородулиха ауылындағы «Бала бақша» КМҚК ғимаратын ағымдағы жөндеу (дәретханалар, жуынатын бөлмелер, асханалар, ас әзірлейтін бөлік, кір жуатын орын және кабинеттер) – 9930,0 мың теңгеге, №2 Жезкент орта мектебі КММ мектеп ғимаратының шатырларын ағымдағы жөндеу – 9210,0 мың теңгеге, Т.Аманов атындағы ом КММ қазанын және қазандық сорғыларын ағымдағы жөндеу – 2617,8 мың теңгеге жүргізілді.



V функционалдық топ «Денсаулық сақтау» шығындар 74,5 пайызға орындалды, жоспарда 165 мың теңге, 123 мың теңге орындалды. қатты ауырған 37 адамды денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізу іске асырылған.

VI функционалдық топ «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 216858 мың теңге, орындалғаны 216765,2 мың теңге.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 10 бірлігі ұсталады. Мемлекеттік рәміздер сатып алынды, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ түзетулер әзірленді, аспашам, жалюздер, мемлекеттік рәміздер, орг.техникалар, өрт сөндіргіштер, сандық кілт, вирусқа қарсы бағдарлама, кілемдер сатып алынды.

2013 жылы қоғамдық жұмыстарға 119 адам, кәсіби оқуға-30 адам (жолына, тұруына, тамағына, медициналық тексеруден өтуіне шығындар орны толтырылды), жастар тәжірибесіне 15 адам және әлеуметті-жұмыс орнын құруға 13 адам жұмылдырылды.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға 1500 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

318 алушыларға әлеуметтік атаулы көмек, 887 отбасына – тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем көрсетілген:

- 22 студенттерге жатаханада тұрғанына, оқуына төлем;

- «Батыр ана» атағын бұрын алған және «Ана даңқының 1және 2 дәрежесі» орденімен марапатталғандар немесе «Күміс алқа», «Алтын алқа» марапатталған көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек – 366 алушыларға төленді;

- кейбір санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметке шығындарды өтеуге материалдық көмек 97 адамға (мүгедектер мен ҰОС қатысушылары) 5 мың теңгеден және 142 адамға (ядролық апаттар мен сынақтар салдарынан зардап шеккен тұлғаларға) 2 мың теңгеден;

- 4 балалы және көп балалы аналарға, кәмелетке толмаған балаларға материалдық көмек – 157 алушы.

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер 102 алушыларға бөлінді;

- 9 мамырға ОСҚ және ОСМ материалдық көмек – 851 адамға;

- Саяси репрессиясының құрбандарының Еске алу күніне әлеуметтік төлем – 184 адамға;

- Өкпе ауруымен ауыратын науқастарға материалдық көмек –12 адамға;

- Балаларды қорғау күнінде мүгедек балаларға материалдық көмек – 97 адамға;

- Қарттар күніне әлеуметтік төлем – 259 адамға;

- Кезеңдік басылымға жазылу үшін әлеуметтік төлемдер - 175 адамға;

- Өнімдердің қымбаттауына байланысты АӘК және МБЖ алушылар санынан әлеуметтік төлемдер – 174 адамға.

- 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленді – 661 алушыларға.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек – балаларға материалдық көмек көрсетілген - 35 алушыларға.

Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы №642 Қаулысына сәйкес, ауданда «ШҚО Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ашылды. Орталықтың жұмыс істеуіне 31701,0 мың теңге жолданды, 31691 мың теңге игерілді, ол 100 пайызды құрайды, олардың жүйке ауруымен ауыратын науқастарға және тірек-қимыл аппаратының бұзылған балаларға күтім бойынша 12 әлеуметтік қызметшілер республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 70 штаттық бірлігі қаржыландырылады, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы автокөліктер бар.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жалақымен жартылай қаражаттандырылуымен, әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтарға кіретін 61 адам жұмысқа тұрды. Орташа жалақы көлемі 16,4 мың теңгені құрады. Жалақымен толық қаражаттандырылуымен 35 адам жастар іс-тәжірибесінен өтуге жіберілді. Орташа жалақы көлемі 29,8 мың теңгені құрады. Кадрлерді қайта даярлауға 25 адам, кадрлердің біліктілігін арттыруға 3 адам жіберілді.

VII функционалдық топ «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бойынша шығындар 99,9 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 703425,9 мың теңге, орындалғаны 702867,1 мың теңге.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында Новошульба ауылдық клубын күрделі жөндеу басталды, аталған шығындарға 116447,9 мың теңге сома республикалық бюджеттің трансферттерінен бөлінді, игерілгені 100 пайыз.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында ауылды елді-мекендерді көгалдандыруға және жөндеуге 297315,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 287351,0 мың теңге, игерілгені 100 пайыз. 5,3 шақырым қашықтықпен Новошульба, 1,8 шақырым қашықтықпен Новопокровка ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. 5 шақырым қашықтықпен Новопокровка ауылында су құбырын жөндеу жүргізілді. Бородулиха ауылдарының көшелерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді (қоршау – 1000м., 90 дана – шамдар орнатылды, шағын нысандар – 5 дана, жанатын аркалар – 5 дана). Новошульба ауылында жаяужол салынды: асфальт жабындысы – 2100 м., поребрик – 1400м.). Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді: 300м. – металл қоршаулар орнатылды, 100 дана - тоғайлар отырғызылды, 14 дана – шам, 480 шаршы.м. – жаяужол, 480 м.- поребрик, 240 м. - бордюрлар орнатылды. Новопокровка ауылында 112 дана және Бородулиха ауылында 131 дана көше жарықтары орнатылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік сала қызметшілеріне арналған 3 пәтер сатып алынды

Бородулиха ауылында 59 пәтер үйдің, Новопокровка ауылында 16 пәтер үйдің және Михайличенко ауылында 5 екі пәтерлі үйлердің құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 14580,0 мың теңгеге қайта құруға ЖСҚ әзірленді.

Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен 10 шақырым қашықтықпен Белағаш-Коростели су құбырлдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жалпы сомасы 85086,0 мың теңгеге жүргізілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жерновка ауылының мектебіне дейін 104 м қашықтықта су құқбыры тартылды, 1 құдық орнатылды және Песчанка ауылында жалпы сомасы 3949,3 мың теңге сомаға ұңғыманы бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Островский атындағы ОМ, Абай атындағы ОМ және Бородулиха ауылындағы бала бақша қазандықтарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, аталған мақсаттарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9499,1 мың теңге шығындалды.

Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен Березовка санаториясында сумен қамту желілерін қайта құру бойынша келісімшарт міндеттерінің 5 пайыз көлеміндегі 1986,7 мың теңге қалдық сома төленді.

Ивановка, Сосновка ауылдарында сумен қамту желілерін қайта құру бойынша облыстық және республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жұмыстар жалғасты, соның ішінде 180000,0 мың теңге РБ трансферттері есебінен 58183,8 мың теңге және ОБ трансферттері есебінен 17465,2 мың теңге сома. Келесі жұмыстар атқарылды: 31965 текше м. жерден қазылған грунт әзірленді, 107 дана – ысырма, 5,11т – болаттан дәнекерленген бір қалыптағы бөліктер, 349 дана – су өлшейтін тораптар, 349 дана – су өлшегіш орнатылды, 14,12т.- металл есіктерді құрастыру жүргізілді, 218 дана полиэтилен тығындары орнатылды, 2 дана су айдауыш мұнара орнатылды, қашықтығы 22,5 шақырым құбырлар залалсыздандыру үшін жуылды, 18248 шаршы метр абаттандыру, 86 шаршы.м. – асфальттау, 2832 шаршы.м. – көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Техникалық және авторлық қадағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аул ауылында сумен қамту желісін қайта құру бойынша 6092 мың теңге сомаға облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен жұмыстар жалғасты. Келесі жұмыстар атқарылды: 188 дана Д=100 (мм) құбырдан су таратқыш құру бойынша жұмыстар жүргізілді, 87 дана тірек құрылысын құрастырумен Д=820*8мм болат құбырлар тартылған, 17,7 шақырым қашықтықпен құбырлар залалсыздандыру үшін жуылды, 296 шаршы.м. қашықтықпен темір бетоннан көпірлер құрылысы жүргізілді, 4,09 м3 – каналдарға қамал салынды, 8018 текше м. жерден қазылған грунт әзірленді, 7878м3 кері төгу жүргізілді, 7696 м3 грунт тығыздалды, 164,12м дана полиэтиленнен құбырлар орнатылды, 1,625 шақырым қашықтықпен Д=50 мм полиэтилен құбырынан құбырлар орнатылды, су айдауыш мұнара орнатылды, 16 дана тоғайларды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілді. Техникалық және авторлық қадағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бородулиха ауылындағы сумен қамту желілерін жаңартуға, Зенковка және Зубаир ауылдарының сумен қамту желілерін қайта құруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ әзірленді, аталған шығындарға жалпы сомасы 14048,2 мың теңге қаражат игерілді.

Христиандық молаларды қоқыстан тазарту жүргізілді. 31,1 тонна қоқыс тиелді және шығарылды.

19 елді мекендерде көшені жарықтандыруды пайдалану және қызмет көрсету үшін төлем жүргізілді, барлығы 620 шам қызмет көрсетеді. 215 дана көше жарықтарының нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Электр желісі және жабдықтар ТО әзірленді. Аталған мақсаттарға барлығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 29245,3 мың теңге шығындалды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көгалдандыру бойынша: 2000 мың теңге сомаға 1214 дана баннер дайындалды, 170 мың теңге сомаға аншлагтар әзірленді, 4396 мың теңге сомаға 5000 текше м. мөлшерінде тоғайларды, гүлзарды және отырғызылған көшеттерді суару бойынша жұмыстар жүргізілді, 8750 мың теңге сомаға 20 дана металл құрағыш дайындалды, 560 мың теңге сомаға 176 дана көшеттер жеткізілді және отырғызылды, 12143 мың теңге сомаға саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды, 1652 мың теңге сомаға шығатын арка орнатылды, 5 дана ағашты кесу бойынша жұмыстар жүргізілді, 173 мың теңге сомаға ғимаратқа маңдайша әзірленді, 442 мың теңге сомаға Бородулиха ауылында қоршау жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.



Бородулиха ауылында және іргелес аумақта 3198 мың теңгеге санитарлық тазарту жүргізілді, 823 қаңғыбас иттерді 1686 мың теңге кейінге қалдырылды, қоқыс тастайтын жерді қайта өңдеу 2616 мың теңгеге жүргізілді, Бородулиха ауылындағы 145 ш.м. «Жеңіс» паркін санитарлық тазалау 191 мың теңгеге жүргізілді, 9 мамыр мерекесіне ипподромды дайындау бойынша 270 шаршы м. қашықтықпен 172 мың теңгеге жұмыстар атқарылды, «Наурыз» мерекесіне орталық алаң 700 шақырым м. 321 мың теңгеге дайындалды, Бородулиха ауылында 9 дана үйді қалпына келтіру бойынша жұмыстар 500 мың теңге сомаға жүргізілді.

VIII функционалдық топ «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 152959 мың теңге, орындалғаны 152937,8 мың теңге.

Ауданда 1 Мәдениет үйі және 9 ауылдық клубтар қызмет етеді. Бородулиха ауданы Әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы №627 қаулысына сәйкес Новопокровка ауылында ауылдық клуб ашылды. Қызметкерлердің жалпы саны 31,5 штаттық бірлік. Аталған штаттық бірліктер ауылдық клубтар бойынша 13 бірліктен бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1234,0 мың теңге шығындалды, музыкалық аппараттар, мемлекеттік рәміздер, компьютер техникалары, проектор, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды. 8 наурыз күніне, Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, ҰОС Жеңіс күніне, балаларды қорғау күніне, жастар күніне, Астана күніне, Конституция күніне, қарттар күніне, мүгедектер күніне, мүгедек балаларға арналған жаңа жылдық шыршасына, Әкім шыршасына арналған іс-шаралар мен мерекелер өткізілді.

Ауданда саны 2,5 штаттық бірлікпен жұмыс істейді. Достық үйінде 6 этномәдениет бірлестіктері: орыс, белорусь, украин, корей, татар және неміс және «Қөран» қоғамдығы жұмыс істейді. Этно-мәдениет бірлестіктерімен бірігіп 5236 адам ауқымымен 70 іс-шаралар өткізілді.

Ауданда 22 кітапхана қызмет етеді, штаттық саны 26,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 18,5 кітапханашы, олардың 14,5 бірлігі ауылдық кітапханашылар, оқырмандар саны 9800 адам. Кітап берілгендер саны бір жылға 197711 дананы құрады, кітап қорының саны 259942, оның ішінде 42449 мемлекеттік тілде.

2013 жылға аудандық көлемде 154 спорттық жалпы іс-шаралар өткізілді. Ұлттық спорт түрлеріне 49 адам қатысты, ат жарыстары, тоғызқұмалақ, қазақша күрес ойындары өтті. Облыстық көлемдегі іс-шараларға 167 адам қатысты (қазақша күреске – 10 адам, бокске – 10 адам, жеңіл атлетикаға – 10 адам, 20 адамнан тұратын 2 футбол командасы, 30 адамнан тұратын 3 волейбол командасы, шағын футболға 8 адам, шахматқа 4 адам және шашкиге 3 адам).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 14074,9 мың теңгеге Бородулиха ауылына жасанды жабындымен шағын футбол алаңы салынды.

Ауданда «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» КМҚК қызмет етеді, онда 213 тыңдарман оқытылады, олардың 134 мемлекеттік қызметкерлер. Штаттық саны 7,75 бірлікті құрайды. Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты, конкурстар мен іс-шаралар өткізілді. Орталықтың базасында ағылшын тілін үйрену бойынша курстар ашылды, татар тілін үйрету енгізілді. 2013 жылға материалдық техникалық базаны нығайтуға 166,0 мың теңге жолданды, 1С-Рейтингі: Бухгалтерия 8, вируска қарсы, ағылшын тілін оқытуға арналған кітаптар бағдарламасы сатып алынды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің - 3 бірлігі, ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің – 4 бірлігі, спорт және дене шынықтыру бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің – 3 штаттық бірлігі ұсталады. Мәдениет бөліміне 1С-Рейтингі: Бухгалтерия 54,0 мың теңге сомаға, ішкі саясат бөліміне 3 вируске қарсы бағдарламасы, фотоаппарат, жалпы сомасы 132,0 мың теңге 2 UPS, дене шынықтыру және спорт бөліміне 80,0 мың теңгеге компьютер техникаларының жинақтамалары сатып алынды.

Ауданда «Пульс района – Аудан тынысы» ЖШС қызмет етеді. «Пульс района» және «Аудан тынысы» газеттері шығарылады, газеттер тиражы 426660 дананы құрайды, олардың 300254 данасы Пульс района және 126406 данасы Аудан Тынысы.



X функционалдық топ «Ауыл шаруышылығы» шығындары 99,8 пайыз игерілді, нақтыланған жоспар бойынша 124712,2 мың теңге, орындалғаны 124408,3 мың теңге.

Денсаулық сақтау саласының – 3 маманына, білім саласының 15 маманына әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің 1 маманына және мәдениеттің 1 маманына тұрғын үй сатып алу үшін 15 жыл мерзімге жалпы сомасы 46737,0 мың теңгеге бюджеттік кредит ұсынылды.

Әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 30 білім мамандарына, 2 денсаулық сақтау мамандарына, 2 мәденит маманына және әлеуметтік қамтамасыз етудің 1 маманына жалпы сомасы 4241,0 мың теңгеге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен жәрдемақы төленді.

Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 8 бірлігі, жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірлігі ұсталады. Ауыл шаруашылық бөліміне 1-С Бухгалтерия бағдарламасы, 3МФУ, 2 кресло, 2 сейф, вируске қарсы бағдарлама, 4 кресло, 7 орындық, шкаф жалпы сомасы 577,5 мың теңгеге сатып алынды. Жер қатынастары бөліміне 1-С Бухгалтерия бағдарламасы, орындықтар, ноутбук, планшет, жүйелік блок жалпы сомасы 378,7 мың теңгеге сатып алынды.

Жер қатынастары бөлімімен 7020 га аумағымен 24-ші жер телімін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6482,9 мың теңгеге Переменовка, Петропавловка, Дмитриевка, Красный Яр және Буркотово ауылдарында биотермиялық шұңқырлар құрылысы бойынша жұмыстар басталды.

Вакцинация бойынша республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жұмыстар жүргізілді, соның ішінде: ІҚМ – 255480 будан, ҰБМ – 120563 будан, аттар – 7800 будан, шошқалар-12000 будан, иттер, мысықтар- 9500 будан, құстар - 90000 будан. 98250 будандастыруға диагностикалық тексеру және ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау бойынша қызметтер жүргізілді. Аталған шығындарға 33635,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 33632,9 мың теңге немесе 100 пайыз.

XI функционалдық топ «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 16962,1 мың теңге, орындалу 16961,0 мың теңгені құрады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің 4 бірлігі ұсталады. Жалпы сомасы 82,6 мың теңгеге 1-С Бухгалтерия бағдарламасы және мемлекеттік сатып алулар бойынша анықтама сатып алынды. Новошульба ауылына негізгі жоспар әзірленді, шығындар 5799,6 мың теңгені құрады.



XII функционалдық топ «Көлік және коммуникация» бойынша шығындар 100,0 % орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 119980 мың теңге, орындалғаны 119970,2 мың теңге. Елді мекендердің көшелерін және автокөлік жолдарын қысқы ұстау бойынша жұмыстар атқарылды, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 11141 ш.м мөлшерінде шұңқырларды жөндеу жүргізілді, 184 км қашықтықпен тұтас жабылған елді мекендердің көшелерін және автокөлік жолдарын қардан тазалау жүргізілді.

XIII функционалдық топ «Басқалар» шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 59216 мың теңге, орындалғаны 59207,3 мың теңге.

Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірілігі, кәсіпкерлік бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірілігі ұсталады. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне 2 автомобиль, жиһаздар, компьютерлік техниканың 2 жинағы, кресло, сейф, магнитофон және фотоаппарат жалпы сомасы 6327,0 мың теңгеге сатып алынды. Кәсіпкерлік бөліміне 1С-Бухгалтерия бағдарламасы, есептеуіш, ноутбук жалпы сомасы 214,0 мың теңгеге сатып алынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 14 ауылды елді-мекенде көше жарықтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 23300 мың теңге сомаға 158 шамдар орнатылды және 7559,0 мың теңге сомаға Жезкент кентінде бейіттерге жол салу жүргізілді.

XIV функционалдық топ «Ұзақ қызмет көрсету» бойынша 100 пайыз орындалды, жоспарда 8,4 мың теңге, орындалғаны 8,4 мың теңге. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы сомасы өтелді.

XV функционалдық топ «Трансферттер» бойынша 100% орындалды, жоспарда 4800,7 мың теңге, 4800,6 мың теңге орындалды. 2012 жылға жоғарыда тұрған облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 2638,7 мың теңге сома толық игерілмеген трансферттерді қайтару жүргізілген. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің төменгі бюджетке берілуіне байланысты 2162,0 мың теңге ағымдағы трансферттер жоғарыдағы бюджетке аударылды.

XI функционалдық топ «Қарыздарды өтеу» бойынша 100 пайыз орындалды, жоспарда 5289 мың теңге орындалғаны 5289 мың теңге. Бюджеттік кредиттің негізгі қарызы өтелді.
Қаржы бөлімінің басшысы Ш.Алпыспаева

Орынд.:Ю.Сутормина



Т.21448

Достарыңызбен бөлісу:

avtor-preduprezhdaet-chto-dannaya-kniga-otnositsya-k-zhanru-fantastiki-i-vse-dejstviya-sobitiya-i-personazhi-yavlyayutsya-vimishlennimi-stranica-11.html
avtor-proekta.html
avtor-programmi-i-lektor-k-t-n-docent-rejnov-yu-i-prepod-sluckaya-yu-l-status-kursa.html
avtor-programmi-k-s-n-sanina-anna-georgievna-e-mail-anna-g-saninagmail-com-odobrena-na-zasedanii-kafedri-gosudarstvennogo-i-municipalnogo-upravleniya-2010-g.html
avtor-programmi-kandidat-tehnicheskih-nauk-docent-deryabin-aleksandr-ivanovich-trebovaniya-k-studentam.html
avtor-programmi-kuzina-olga-evgenevna-lektor.html
  • report.bystrickaya.ru/httpwwwadvaytaorg-oglavlenie.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-tematicheskij-plan-zaochnoe-otdelenie-programma-kursa-10-plani-seminarskih-zanyatij-18-literatura-49-obshie-svedeniya-o-kurse.html
  • holiday.bystrickaya.ru/metodicheskoe-posobie-dlya-laboratornoj-raboti-4-po-kursu-fizicheskoj-himii-dlya-studentov-dnevnoj-formi-obucheniya-himiko-tehnologicheskogo-fakulteta-i-fakulteta-stroitelnogo-materialovedeniya.html
  • literature.bystrickaya.ru/e-perehvalskaya-etnolingvistika.html
  • learn.bystrickaya.ru/finansovie-pokazateli-obshestva-godovoj-otchet-otkritogo-akcionernogo-obshestva-yargorteploenergo-za-2010-god.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-9-severnaya-fivaida-fedotov-g-p-f34-svyatie-drevnej-rusipredisl-d-s-lihacheva-i-a-v-menya-komment-s-s-bichkova.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-31-nalog-na-imushestvo-organizacij-6ch-nalogi-i-nalogooblozhenie.html
  • testyi.bystrickaya.ru/a-r-luriya-poteryannij-i-vozvrashennij-mir-stranica-7.html
  • crib.bystrickaya.ru/kak-projti-sobesedovanie-pri-prieme-na-rabotu.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/v-strane-i-v-mire-vechernyaya-moskva-24052005-89-str-2-radio-14-mayak-novosti-23-05-2005-14-00-00-14.html
  • pisat.bystrickaya.ru/stanislav-lem-stranica-26.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-kursa-vtoroj-inostrannij-yazik-dlya-uchashihsya-8-11-h-klassov-v-shkole-100-s-uglublennim-izucheniem-anglijskogo-yazika-sostavila-stranica-2.html
  • testyi.bystrickaya.ru/47-predmet-i-metod-pravovogo-regulirovaniya-uchebnoe-posobie-podgotovleno-v-sootvetstvii-s-programmoj-kursa-po.html
  • tasks.bystrickaya.ru/1-geograficheskoe-opisanie-municipalnogo-obrazovaniya-gorod-dyatkovo-granici-mo.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/primenenie-sociologicheskih-issledovanij-v-processe-distancionnogo-obucheniya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/obespechennost-shkoli-kadrami-medrabotnikov-publichnij-otchet-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-srednyaya.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/utverzhdena-postanovleniem.html
  • essay.bystrickaya.ru/denezhnie-reformi-rossii-i-ih-posledstviya.html
  • books.bystrickaya.ru/bernd-fon-vittenburg-shah-planete-zemlya-stranica-3.html
  • grade.bystrickaya.ru/neftegazovoe-delo.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obrazovatelnaya-programma-dopolnitelnogo-obrazovaniya-detej-kraevedenie.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obmen-shpricev-cherez-autrich-rukovodstvo-dlya-stran-centralnoj-i-vostochnoj-evropi-i-novih-nezavisimih-gosudarstv.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kipnis-n-nekotorie-voprosi-instituta-dopustimosti-dokazatelstv-v-upk-rf.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tarnsporta-un-sakaru-institts.html
  • esse.bystrickaya.ru/razvitie-tvorcheskih-sposobnostej-mladshih-shkolnikov-na-urokah-okruzhayushego-mira.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/agropromishlennaya-integraciya.html
  • thesis.bystrickaya.ru/principi-aktivizacii-poznavatelnoj-deyatelnosti-uchashihsya.html
  • nauka.bystrickaya.ru/valerij-lejbin-slovar-spravochnik-po-psihoanalizu-izdatelstva-stranica-4.html
  • abstract.bystrickaya.ru/24-informacionnaya-programma-1230-ezhednevnie-novosti-podmoskove-moskva-74-28-04-2012-c-1-2.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/posobie-prednaznacheno-dlya-shkolnih-psihologov-i-uchitelej-nachalnih-klassov-oglavlenie.html
  • tasks.bystrickaya.ru/18-proezd-perekrestka-na-zheltij-signal-svetofora-1-chasto-zadavaemie-voprosi-ne-nado-chitat-mnogo-knig.html
  • report.bystrickaya.ru/izmenenie-strukturi-zemelnogo-fonda-generalnij-plan-selyanskogo-selskogo-poseleniya-nelidovskogo-rajona-chast.html
  • control.bystrickaya.ru/dva-korablya-den-neptuna.html
  • thesis.bystrickaya.ru/primernaya-programma-disciplini-sovremennie-problemi-innovatiki-rekomenduetsya-ministerstvom-obrazovaniya-rossii-dlya-napravleniya-podgotovki-magistrov-553800-innovatika.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zamisel-makki-r-ml5-istoriya-na-million-dollarov-master-klass-dlya-scenaristov-pisatelej-i-ne-tolko-robert-makki-per-s-angl.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.