.RU

Қазақ халық педагогикасындағы этнодидактикалық идеялардың зерттелу тарихы аңдатпа

Дата05.03.2017өлшемі80.56 Kb.
ӘОЖ 373.1.013:39 (043.3)

А.А. Медетбекова, педагогика ғылымдарының

магистрі, оқытушы

ҚазЭҚХСУ, Астана қ.



ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Аңдатпа

Мақалада қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық идеяларын қазіргі мектепетегі білім беруде, сонымен қатар тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, мектептің жоғары сатысындағы оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының этнодидактикалық мүмкіндіктері қарастырылған.



Кілт сөздер: этнодидактика, этномәдени, халық педагогикасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып.
Қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық ғылымы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ғасырлар сынынан өткен халықтық тәжірибие негізінде қалыптасып, өзіндік дамуға ие болды. Халық педагогикасындағы озық идеялар қазақ халқының тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырды. Оқыту мен тәрбиенің этномәдени бағыттылығы Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатындағы басты бағыттардың бірі болып отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұжырымдамада елімізде тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі, кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі және қай халық болмасын өзін дүние жүзіне сол арқылы танытатындығы айтылған[1].

Ұлттық білім беру, оқыту мәселесі Әл-Фарабидің Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінен бастау алады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының білім беру, оқыту ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық оқыту әдіснамалық негізін жасады. Педагогикалық ойлардың тарихында Әл-Фараби оқыту теориясын білім жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс жасады деуге толық негіз бар. Білім беру мазмұнын игеру тәсілдері бойынша көлемді дидактикалық еңбек ретінде «Музыканың үлкен кітабын» ерекше атап өтуге болады. Қазіргі педагогика ғылымында білім беру мазмұнының әрбір түріне тән меңгерудің белгілі бір тәсілі бар екендігі анықталған. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінде музыкалық білім беру мазмұнын меңгерудің тәсілдері мен деңгейлерін анықтап береді. Ғұламаның ұсынған музыкалық білім беру мазмұнын меңгеру болып, музыка және оны орындау тәсілдері туралы білім, музыкалық орындау тәсілдерін іске асыру тәжірибесі, музыкалық шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, музыканы қабылдау, түсіну және есте сақтау, әуенді үлгі бойынша орындау, жаңа музыкалық пішіндерді жасау әрекеті-музыкалық кемелділік, музыканы қайта шығаруға мүмкіндік беретін қабілетке ие болу, әуенді ұғынып орындау, табиғи қабілеттеріне сай дарындылық дәрежесіне жету.

Ғалымның еңбектерінде дидактикалық принциптердің тұжырымдалуына да орын берілген. Дидактикалық принциптердің оқытудың жалпы мақсаты мен заңдылықтарына сәйкес оның мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар екендігі қазіргі педагогика ғылымында белгілі. Әрбір дидактикалық принцип белгілі бір әдіснамалық ұстанымға сәйкес келеді. Сондықтан біз зерттеу барысында оның педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысын ашып көрсетуді жөн көрдік.

Педагогикалық жүйесіндегі бір ерекшелік – ол әдіснама мен әдістеме мәселелерін тығыз байланыстырып, тұтастырып отырады. Мұндағы оның ұстанған дидактикалық қағидасы: «білімнің бастамасы – болмыстың бастамасына сай келу» туралы қағида. Бұл қағида логикалық ойлау әдістерімен тығыз байланыста теориялық ғылым жасауға, оны дидактикалық түрде орналастыруда жаңа ғылыми-педагогикалық әдісті тудыруға мүмкіндік береді. Осындай әдіс арқылы кез келген пәнді әдіснамалық тұрғыда дұрыс баяндау үшін оның негізгі принциптерін – бастамаларын ашып көрсетуді бірінші кезекке қояды. Әдіснамалық негізі: білім топтамасы мен мазмұны туралы ілім, парасат жайындағы ілім, заттардың адамның сезім мүшелеріне әсері туралы ілім, ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық мәні туралы ілім, таным теориясы, ізгілендіру ілімі. Оқыту принциптері: жүйелілік пен бірізділік, саналылық, көрнекілік, теория мен тәжірбиенің байланысы, ғылымилық, оқытудың тәрбиелік сипаты[2].

Ғалымның еңбектерінде ғылым мен философияны оқып-үйрену үшін жекелеген әрекеттерден, тәсілдерден тұратын оқыту әдістері нақты тұжырымдалып, білім беру, оқыту және адамдар арасындағы ой алмасу үдерісі кезінде танымдағы тіл мен тәжірибенің маңызды ролін ашып көрсету арқылы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерінің мәні анықталады, сонымен бірге музыка, сөз өнері, философия және басқа да ғылым салаларын оқытудың құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, олардың атқаратын қызметі ашып көрсетіледі.

«Құтты білік» дастанында оқытудың теориялық негіздері (дидактика) сол уақыттың талабы тұрғысынан өте жоғары деңгейде айқындалған. Дидактиканың негізгі ұғымдары – білім, білік, дағды ұғымдарының мәні ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеяларында көрініс тауып, өзіндік мағына мен мазмұнға ие болады. «Білім-інжу, түбінде-анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас», т.б. Білік-«Ақылды-ұлы, біл, білімді білікті, екеуі ұлы етер, қонса жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның құнары»; «Білік мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б. Дағды-«Білік берді-адам бүгін жетілді, ақыл берді-талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер-білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»; «Біліп сөйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл бастағы ақыл-піріңді» т.б.

Ардақтаған асыл қасиеттің бірі ақыл болса, дастанда білімнің мәні ақыл арқылы жинақталатын жанның қоры ретінде анықталады, яғни білімнің ең басты белгісі адамда ізденудің арқасында пайда болып, ақыл-естің қызметімен толысатын рухани қазына болып табылады. Білім дастанда бар жақсылықтың көзі саналады. Кісі құдіреті мен қасиеті таныммен десек, таным оқып-үйрену, білім алу барысында қалыптасады. Оқу мен білім алу адамның ең асыл танымдық әрекеті, өйткені білім адамды ізгілікке, адамшылыққа үйретіп, оның бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Білімнің адам болудағы қасиетті көрінуі оның таным көзі болуымен байланысты. Дастанда білімнің мәні осы тұрғыдан терең ашып көрсетіледі, себебі, адам өмірі мен тіршілігінің мәні танып-білумен құнды болып есептеледі. Әрбір адам өзі мен дүниені танумен ғана өмірін мәнді етіп, арман-мұратына жетеді. «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» дей отырып, ғұлама бақытқа жетудің жолы білім екендігін баса айтады. Ж.Баласағұнидің педагогикалық тұжырымдамасынан оның білімге әр қырынан сипаттама бергенін айқындауға болады. Білімнің тағы бір сипаты ретінде ғұлама оның адамды құрметті, абыройлы ететіндігі, яғни адам білімімен беделді, құрметті бола алады деген тұжырым жасайды. Дастанның өн бойында білімнің құрмет көзі екендігі жиі айтылып тұрады. Бұл жерде ғұламаның өзі таныған ақиқатты жастардың санасына сіңіру қажеттілігін көздеп отырғаны анық байқалады[3].

Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың көкейкесті мәселесі білім беру мазмұны қарастырылады (Сурет 1). Білім беру мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен сезімінің дамуы, таным арқылы көзқарастарының қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни білім беру мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет, дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын негіздеп, мұның өзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін, мәдениетті қайта жаңғырту мен сақтауды, мәдениетті дамытуды, еңбекке, оның нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін тұжырымдайды.

Сонымен, оқушыларға қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық идеяларының дамуына үлес қосқан ғұлама ойшылдардың және ағартушы педагогттардың еңбектері мен этнодидактикалық идеяларының маңызының рөлі жоғары. Жоғары сынып оқушыларын оқыту үрдісінде қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық идеяларын бойларына сіңірту, оқыту, қолдану тиімді нәтижелігін бере алады.
Білім беру мазмұны

Жалпы элементтері – құттың төрт діңгегі

Нені қамтамасыз етеді

Әділет


Дәулет

Ақыл


Қанағат

Әділетті қоғам құру

Бақытқа жол көрсету

Парасаттылықты тәрбиелеу

Құндылық бағдарды қалыптастыру

Сурет 1 – Ж.Баласағұнның еңбегінде білім беру мазмұнының сипаттамасы
М.Қашқаридің педагогикалық тұжырымдамасының негізін дидактика мәселелері құрайды. Ғұлама арнайы «дидактика» терминін қолданып, оны педагогика ғылымының саласы – оқыту теориясы ретінде анықтамағанымен, оның еңбегінің өн бойынан дидактикалық мазмұн айқын көрініп тұрады. Дидактиканың қазіргі кезде арнайы ғылым саласы ретінде анықталып, оның заңдылықтары мен негізгі зерттеу мәселелері айқындалып отырған бүгінгі таңда ғалымның еңбегіндегі дидактиканың көрініс беруін аңғару қиын емес. Дидактикасын екі деңгейде қарастыруға болады: жалпы дидактика және дербес дидактика. Жалпы дидактика тұрғысынан алып қарасақ, біріншіден, ғұлама білім беру, оқыту, үйрету, пайымдау сияқты дидактиканың негізгі ұғымдарына анықтама берген, екіншіден, білім беру мазмұнын, оқытудың принциптерін, әдістері және құралдарын айқындаған[4].

Сонымен, оқушыларға этнодидактикалық білім беру балаларға ана тілін, төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын, жалпыадамзаттық мәдени қазынаны игерте отырып, олардың мәдениетаралық ұлттық сана-сезімі мен этномәдени сәйкестілігін қалыптастырып, төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесі болып табылады. Кез келген этнопедагогикалық құбылыстар мен фактілерді оқып-зерттеу жән оларға сипаттама беру үшін теориялық-әдіснамалық аппаратты қолданбай іске асыру мүмкін емес. Қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық идеяларының дамуына үлес қосқан ғұлама ойшылдардың және ағартушы педагогттардың еңбектері мен этнодидактикалық идеяларының маңызының рөлі жоғары. Жоғары сынып оқушыларын оқыту үрдісінде қазақ халық педагогикасының этнодидактикалық идеяларын бойларына сіңірту, оқыту, қолдану тиімді нәтижелігін бере алады.


Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 2007, 27 шілде.

2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010.

3. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.-Алматы: Наука, 1972.- 430 б.

4. Әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі негізгі ұғымдар //Қазақстан жоғары мектебі, 2007. – №1. – Б.15-18.

5. Баласағұн Ж. Тәрбие мақсаты туралы //Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Т.2. – Тараз, 2007. – Б.42-46.

6. Махмұт Қашқаридің педагогика ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі

//Ұлт тағылымы. – 2007. – №1. – Б.29-32.

7. Махмуд Кашгари. Памятники древнетюркской письменности.- М.: Высшая школа, 1991.- 135 с.

8. Коменский Я.А. Великая дидактика //Избр. Соч. М., 1995.С.472

9. Песталоцци И.Г. Избр. Пед. произведения.Т.2.- М., 1963.



10. Дистервег А. Руководство к образованию немецких учителей //Избр. пед.соч.- М., 1956, С.55-112.

Резюме
В статье рассматриваются дидактические возможности идей казахской народной педагогики при научно-обоснованном применении в школьной практике позволяют повысить качество образовательного процесса, формировать и развивать национальную культуры личности школьника.
Summary
Didactic possibilities of ideas of the Kazakh national pedagogics at the scientifically-proved application in school practice allow to raise quality of educational process, to form and develop national cultures of the person of the schoolboy.

Достарыңызбен бөлісу:

9-v-kakom-poryadke-i-v-kakie-sroki-rabotnik-dolzhen-bit-preduprezhden-o-pereimenovanii-dolzhnosti.html
9-vhod-seti-metodi-nejroinformatiki-sbornik-nauchnih-trudov-pod-redakciej-doktora-fiziko-matematicheskih-nauk-a.html
9-virusi-zhivotnih-rastenij-i-bakterij-ekologii.html
9-vneshnie-i-vnutrennie-faktori-udovih-otnoshenij-innovacii-v-postsovetskoj-promishlennosti-chast-i-pod-redakciej.html
9-vodnij-balans-i-vodnie-rezhimi-geosistem-fakultet-geograficheskij-kafedra-geoekologii-i-landshaftnogo-planirovaniya.html
9-voprosi-dlya-podgotovki-k-ekzamenu-uchebno-metodicheskij-kompleks-dlya-specialnosti-030501-yurisprudenciya-moskva.html
  • bukva.bystrickaya.ru/pravovaya-priroda-statusa-arbitrazhnih-upravlyayushih-v-zakonodatelstve-o-nesostoyatelnosti-chast-3.html
  • lesson.bystrickaya.ru/sposobi-i-meri-obespecheniya-ispolneniya-po-uplate-nalogov.html
  • literature.bystrickaya.ru/dokumenti-ezhemesyachnij-informacionnij-byulleten.html
  • credit.bystrickaya.ru/podsekciya-aviacionnoe-oborudovanie-samoletov-i-vertoletov-programma-16-18-fevralya.html
  • shkola.bystrickaya.ru/mladenec-gerakl.html
  • assessments.bystrickaya.ru/byudzhetnoe-ustrojstvo-rossijskoj-ekonomiki-chast-6.html
  • grade.bystrickaya.ru/nazvanie-mesto-i-god-izdaniya.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/konspekt-lekcij-po-kursu-strahovanie.html
  • school.bystrickaya.ru/amerikanskij-i-yaponskij-menedzhment-na-poroge-xxi-veka.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razdel-2-podgotovka-v-semyu-trebovaniya-k-sostoyaniyu-zdorovya-kandidata-v-usinoviteli.html
  • control.bystrickaya.ru/eposi-legendi-i-skazaniya-starshaya-edda-stranica-19.html
  • shkola.bystrickaya.ru/marketing-v-pitanie.html
  • write.bystrickaya.ru/fristajl.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vnastoyashee-vremya-neftegazovij-kompleks-predstavlyaet-soboj-naibolee-dinamichno-razvivayushuyusya-otrasl-ne-tolko-v-rossii-no-i-vo-vsem-mire-razrabativayutsya-novie.html
  • essay.bystrickaya.ru/empiricheskij-uroven-nauchnogo-znaniya-ego-priroda-i-struktura-otveti-kandidatskogo-ekzamena-po-filosofii-biologi.html
  • essay.bystrickaya.ru/dlitelnost-vozdejstviya-obem-i-normi.html
  • occupation.bystrickaya.ru/modul-04-obshaya-harakteristika-posledovatelnih-i-parallelnih-processov-sbora-peredachi-obrabotki-i-nakopleniya-informacii-osnovi-sred-struktur-i-sistem-kollektivov-vichislitelej.html
  • esse.bystrickaya.ru/psihologicheskie-konflikti.html
  • college.bystrickaya.ru/4-klass-34-chasa-iz-raschyota-1-chas-v-nedelyu-programma-ritorika-dlya-chetiryohletnej-nachalnoj-shkoli-t-a-ladizhenskaya.html
  • predmet.bystrickaya.ru/shikitova-ajshat-chechenskaya-respublika-associaciya-uchitelej-chechni-regionalnaya.html
  • writing.bystrickaya.ru/kruz-aleksandr-ivanovich.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/urok-proveden-na-respublikanskom-konkurse-master-klass-na-respublikanskom-seminare-direktorov-shkol.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/-izognutih-linij-k-peredache-izobrazheniya-s-pomoshyu-neskolkih-razovih-vdavlivanij-orudiya-pisma-.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vosproizvodstvo-socialno-professionalnogo-potenciala-agrarnih-kadrov-rossii.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-ii-ocenka-effektivnosti-ispolzovaniya-gorodskih-zemel-miigaik-kafedra-kadastra-i-ozp-kursovaya-rabota.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/poka-eshe-est-vremya-pomoch-segodnya-v-kinoteatre-hudozhestvennij-projdet-gorodskoe-blagotvoritelnoe-meropriyatie.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/dnevnik-k-i-chukovskogo-stranica-8.html
  • testyi.bystrickaya.ru/42ustrojstvo-livnevoj-kanalizacii-prilozhenie-5-k-dokumentacii-ob-aukcionestroitelstvo-federalnoj-avtodorogi.html
  • bukva.bystrickaya.ru/problema-ustojchivosti-rastenij-k-boleznyam-i-vreditelyam-trudi-otdeleniya-selskohozyajstvennih-nauk-vipusk-3-sankt-peterburg-2010.html
  • holiday.bystrickaya.ru/nashi-deti-prakticheskie-soveti-roditelyam-deti-kotorih-obuchayutsya-v-obsheobrazovatelnih-uchrezhdeniyah.html
  • letter.bystrickaya.ru/metodologicheskij-anarhizm-p-fejerabenda-po-rabote-protiv-metodologicheskogo-prinuzhdeniya.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-1u-deyatelnost-deputatov-soveta-reglament-soveta-selskogo-poseleniya-maginskij-selsovet-municipalnogo.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-restavraciya-hudozhestvennih-izdelij-obrazovatelnaya-professionalnaya-programma-opp.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/polki-novogo-stroya-xvii-v.html
  • write.bystrickaya.ru/filu-i-debre-piccolato-i-ih-detyam-dzho-nikolette-filippu-i-adriane.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.