.RU

«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты

бет1/3Дата28.05.2017өлшемі0.74 Mb. 1 2 3
Түсінік хат

«Қазақ құқығы» қолданбалы курсы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектептің 10- сыныбында оқытылады. Бағдарлама «Құқықтану негіздері» пәні бойынша теориялық -практикалық және түрлі материалдардан тұрады.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр.

Курс бағдарламасы қазіргі замандық азаматтық білім негізде-рінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрастырыл-ған. Бағдарлы мектепте жүргізілетін қоғамдық білімдердің мазмұ-нына сай жасалған.

Курс азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар, сайлау құқығы нормалары сияқты өзекті мәселелері сипатталады. Сонымен қатар Түрік қағанаты дәуірінен бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын терең түсінуге басты көңіл бөлінеді.

Оқушылар мынаны ескерген жөн: курс азаматтық қоғамның барлық мүшелері меңгеруге тиісті материалдарды қамтиды . Сондық-тан мұғалім оқушыларға құқық туралы кеңірек білім беруді көздейді.

«Қазақ құқығы» курсы бойынша оқушылар құқық туралы білім ала отырып, саяси сауаттылығын арттырып, қоғамда өз құқығын қор-ғауға және өзгенің құқығына қол сұқпауға қалыптасады. Конститу-циялық құқықты сақтайды,әрі дамытады.


«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты:


  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету және саяси сауаттылығын арттыру, демократиялық мәдениетін дамыту;




  • Мәдениет пен саясаттан хабары мол, қоғамдық өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, іс-әрекеттерге талдау жасай алатын , сыншылдық қабілеттін дамыту;




  • Отанын жан-тәнімен сүйетін, белсенді және сауатты азаматтар тәрбиелеу.


«Қазақ құқығы» курсын оқытудың міндеттері:


  • Қазақстан Республикасының конституциялық және азаматтық құқықтарын сақтай білетін, оның саяси-құқықтық жүйесін , даму заңдылықтарын меңгерту арқылы құқықтық сауатты азамат тәрбиелеу;




  • моральдық, жалпыадамзаттық құндылықтарды, құқықтық жетілуге қажетті білімдерді меңгерту негізінде жас ұрпақ өкілдерін құқықтық қоғамда өмір сүріп , адал еңбек етуге , өзгелермен өркениетті қатынас жасай біуге үйрету;




  • оушыларды тұлғаны сыйлауға, адам еркіндігін және оның бостандықтарын қадірлеуге үйрету.


Оқушыларға қойылатын талаптар:
1.Қосымша ізденіп ,талдауға ұсынылған тапсырмаларды өз бетімен

оқып, мұғалім басшылығымен зерделеуді меңгеру.


2.«Қазақ құқығы »курсының маңыздылығын , оның басқа

пәндермен тығыз байланысын білу.


3.Өзінің ой-өрісін дамыта отырып, ғылыми тұрғыда сараптама

жасай білу.


4.Қазақ тарихында қолданылған құқықтық заңдарды және

Қазақстан Республикасының Конституциясын білу және оны

құрметтеу.
5.Қосымша материалдарды, БАҚ пайдалана отырып, ол арқылы

ғылыми-зерттеушілік іскерлігін кеңейту.


6. Саяси-құқықтық мәдениет жөнінде пікір алмаса білу.
7. Саяси тақырыптарда бір мақсатты көздей отырып қойылған

сұраққа жауап беруде өзіндік көзқарасын азаматтық белсенділік

тұрғысынан білдіре алуы.
8. Алған білімі мен дағдыларын тәжірибе , күнделікті өмірде

кездесетін теориялық және практикалық жаңалықтарды шешуде

қолдана білу.
9. Оқыған және ізденген тақырыптарына сүйене отырып өз бетімен

саяси пікір жаза білуі , сонымен қатар саяси тұжырымдар жасай

білуі тиіс.


Пәнаралық кіріктіру

«Қазақ құқығы» курсы басқа да пәндермен тығыз байланысты. Атап айтқанда ; «Құқық негіздері», «Қоғамдық білім негіздері », « Адам және қоғам »,« Адам.Қоғам.Құқық », «Әдеп», «Өзін-өзі тану», «Қазақстан тарихы» және т.б.
Кәсіпке бағдарлау.
«Қазақ құқығы» курсы оқушыларды заң және т.б. қоғамдық ғылымдарға бағыттайды.Мынадай мамандыққа бағыттайды:

Заңгер, Саясаттанушы, Әлеуметтанушы, Құқықтанушы.



Күтілетін нәтиже.

«Қазақ құқығы» курсы бойынша күтілетін нәтиже:

-әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтап, шешім қабылдайды;

-өзіне ыңғайлы іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдай алады;

- Түркі дәуірінен басталған құқықтық заңдарды толық біледі;

- ҚР Конституциясын біледі және оны құрметтейді;

- ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерін біледі;



- Отанын,туған халқын шынайы сүйетін, халқына қызмет ететін саналы да тәрбиелі азамат болып қалыптасады.


«Қазақ құқығы» курсы бағдарламасы мазмұны:



қ/с



Т а қ ы р ы п т а р ы



Сағат саны

1.

Кіріспе

1 с

2.

Адам.Қоғам және Құқық.



3.

Мемлекет



4.

Түркі кезеңіндегі заң жүйесі

2 с

5.

Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.

2 с

6.

Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.

8 с

7.

Кеңестік кезеңдегі Конституциялар

4 с

8.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары

с

9.

Термин сөздер



10.

Қорытынды

1 с

Жылдық сағат саны

34 сағат


Оқу бағдарламасының мазмұны:


  1. Кіріспе ( 1с) Бағдарламаға шолу жасалады. Сабақ бөлімдер туралы түсінік алады.

  2. 1-бөлім. Адам.Қоғам және Құқық (4с). Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады. Оқушылардың саяси сауаттылығы артады.

  3. 2-бөлім. Мемлекет (3с). Мемлекет ұғымын түсіндіре отырып,қоғамдық өмір аясы,демократия және өркениеттілік идеяларын ұғынады,ой-өрісі артады.

  4. 3-бөлім. Түркі кезеңіндегі құқық жүйесі (2с). Құқық жүйесінің қайнар көзін, ұлттық құқық негіздерінің қалыптасуы тарихын оқып-біледі. Құқықтық саналылық қалыптасады.

  5. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы (2с) Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі Шыңғыс ханның «Жаса»заңының қазақ халқына өмір салтына тигізген әсерімен танысады.

  6. 4- бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар(8 с). Мынадай тақырыптарды оқытылады: Қасым ханың «Қасқа жолы»,Есім ханның «Ескі жолы» және Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы». Қазақ хандығының негізгі тірегі болған заңдармен танысады. Құқықтық заңдар маңызын ұғынады.

  7. 5-бөлім. Кеңестік кезеңдегі Конституциялар (4 с). Қазақстан КСР-нің кеңестік жүйе ықпалымен 1937 жылы,1978 жылы қабылдаған Конституцияларын оқып танысады..

  8. 6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары(9 с) 1993жылғы,1995 жылғы Конституцияларды оқи отырып, бөлімдері мен баптарымен терең танысады. Азаматтық қоғамның мәні және ерекше белгілері. Азаматтық қоғам жағдайындағы мемлекет пен азамат арасындағы қаты-настарды оқидын түсінеді.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды жете түсінеді..

  9. Термин сөздер (1с) . Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады.

  10. Қорытынды (1с)



Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1. Жеті жарғы. «Айқап» баспасы,1992 ж.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

3.Қазақстанда азаматтық қоғам құру тұжырымдамасы.

4.Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңы .А, 1995.

5.Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы » заңы.А,1998.

6.Қазақстан Республикасының «ҚР азаматтық туралы заңы». А, 1995.

7.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.

8.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» халыққа жолдауы.

9.Адам құқығы баршаға. А.Мұхтарова және басқ. (оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.

9.Баршаға арналған құқық .А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, «ҚазМУ»,Баспа үйі,2002.

10.Демократия баршаға. А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.
Мұғалімге арналған әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» халыққа жолдауы.

2.Экономикалық және саяси құқықтар туралы БҰҰ-ның Конвенциясы.

3. Н.Ә.Назарбаев Эпицентр мира.А. Атамұра,

4. Адам құқығы баршаға. А.Мұхтарова және басқ.(мұғалімге арналған

құрал) .Алматы,Бастау-2000.

5. Демократия баршаға. А.Мұхтарова және басқ. (мұғалімге арналған

құрал).Алматы,Бастау-2000.

6.Право человека. М.С.Нарикбаев.Алматы:Издательский дом КазГЮ,2000.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

8. Конституциялық құқық. Сапарғалиев.Ғ.С. Алматы,2008.

9. Қазақтың ата заңдары.Зиманов С.З. Алматы.10 том.2005-2008.



10. Әкімшілік құқық. Баянов Е.М. Алматы,2008.

«Қазақ құқығы» курсы

(қоғамдық –гуманитарлық бағыт)


қ/с

Т а қ ы р ы п т а р

сағаты

мерзімі

1.

Кіріспе

1 с







1-бөлім. Адам.Қоғам және Құқық (4 сағ)







2.

Адам-қайталанбас тұлға






3.

Қоғам және қоғамдық қатынастар

1 с




4.

Құқық түсінігі

2 с







2-бөлім.Мемлекет(3сағ)







5.

Мемлекет туралы түсінік

1 с




6.

Мемлекет құрылымы және басқару формалары

2 с







3-бөлім. Түркі кезеңіндегі заң жүйесі(2 сағ)







7.

Түріктердің «Төру» заңы

2 с







3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы(2 сағ)







8.

Шыңғыс ханның «Жаса» заңы






9.

Алтын Орда,АҚ Орда кезеңіндегі басқару жүйесі

1 с







4- бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар (8 сағ)







10.

Қасым ханның «Қасқа жолы»

2 с




11.

Есім ханның «Ескі жолы»

2 с




12.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2 с




13.

Қазақ дәстүрлі заңдарының маңызы

2 с







5-бөлім. Кеңестік кезеңдегі Конституциялар (4 сағ)







14.

1937 жылғы Конституция






15.

1978 жылғы Конституция

2 с







6 - бөлім.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (9сағ)







16.

1993 жылғы Конституция.

1 с




17.

1995 жылғы Конституция

2 с




18.

ҚР Конституциясы бөлімдері мен баптары(толық нұсқасы)






19.

Құқықтық сауаттылық –заман талабы.

1 с




20.

Құқықтық мемлекет-демократиялық қоғамның кепілі.

2 с




21.

Термин сөздер

1 с




22.

Қорытынды









Барлығы:жылына- 34 сағат ,аптасына-1 сағат.



«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында

Мектеп директоры: Мектеп директорының қаралды.ӘБ

............Ә.Ә.Тойланбаев бағдарлы оқу-ісі орынбасары: жетекшісі:

« » .............. 20.... жыл ..................Ш.А.Мәдікенова ........Т.А.Шойынбаев

«Қазақ құқығы» курс бағдарламасы

10- сыныпқа арналған

(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Құрастырған тарих пәні мұғалімі: Т.А.Шойынбаев


Саудакент ауылы

«Қазақ құқығы» курсын оқыту және курсты аяқтау формасы.
«Қазақ құқығы» курсын оқыту барысында қолданылатын оқыту формасы алуан түрлі болуы керек. Бірсарынды оқыту әдісі оқушылар- ды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқыту әдісі де әртүрлі болуы керек.
Курсы оқыту формалары:


  • Тақырып бойынша баяндау;

  • Сабақты түсіндіру;

  • Тақырыптар бойынша пікірталастар , дөңгелек столдар ұйымдастыру;

  • БАҚ мәліметтерін пайдалана отырып , өзіндік ой-пікірлерін айтқызу.

Курс оқылып болған соң оқушылар өздері таңдап алған немесе

мүғалімнің нұсқауымен келіскен формада сынақ тапсырады.Курс бойынша алынатын сынақтардың нәтижелері «Құқықтану негіздері»

пәнінің қорытынды бағасын шығаруда есепке алынады.


Курсты оқытуды аяқтау формалары:

  • Тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау;

  • Тақырыптар бойынша билеттер арқылы жауап беру;

  • Өтілген тақырыптар бойынша тест алу;

  • Тақырыптарда кездесетін жағадаяттарды шешуде өзіндік жоба, үлгілерін ұсыну.




Тақырыбы: Кіріспе

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

А) біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

Б) екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық  - бұл белгілі бір  кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және  нор­мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.

Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға ар-налған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құ-қықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі  субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.



1-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.
Тақырыбы: Адам-қайталанбас тұлға.
Сабақтың мақсаты :

Адам мәселесі деген кешенді ұғымның мәнін ашу, адам туралы тұжырымдарды талқылау,оқушылардың санасына адами қасиеттерді дарыту.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі

  2. "Адам" ұғымы

  3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар


Сабақты « адамның даму сатысы» кестесіне сипаттама бере отырып бастаймыз.

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам

1 млн 750 мың жыл бұрын

Африка Кения жеріндегі Олдувайда

Питекантроп адам

1 млн жыл бұрын

Ява аралы

Синантроп адам

500-200 мың жыл бұрын

Қытайда

Неандерталь адам

100-35 мың жыл бұрын

Германияда

Саналы адам

40-35 мың жыл бұрын

Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.



Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:

9-ya-ego-umolyal-sozhgi-ti-boga-radi-svoj-pergament-no-on-virval-ego-u-menya-iz-ruk-i-ubezhal.html
9-ya-priglashayu-tebya-v-svoe-prisutstviebozhe-obetovanie-v-isterzannoj-ploti-n-a-akinina-kompyuternaya-verstka.html
9-yuridicheskie-adresa-i-platezhnie-rekviziti-storon.html
9-zadachi-treninga-s-v-gippius-trening-razvitiyakreativnosti.html
9-zaklyuchitelnij-etap-uroka-proektnaya-deyatelnost-kak-sposob-razvitiya-vospitaniya-i-obucheniya-uchashihsya-anglijskomu-yaziku.html
9-zashita-ot-rasprostraneniya-ognya-gost-r-52319-2005-mek-61010-1-2001.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/xvojni-lisimaha-s-demetriem-i-pirrom-ego-zhena-arsinoya-i-smert-ego-sina-agafokla-sudba-semi-lisimaha-ego-smert-v-bitve-s-selevkom.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-kursovih-rabot-po-gosudarstvenno-pravovim-disciplinam-saransk.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-7-etot-bespokojnij-podrostok-ilin-v-a-i-49-arheologiya-detstva-psihologicheskie-mehanizmi-semejnoj-zhizni.html
  • report.bystrickaya.ru/iv-olimpiada-po-himii-stranica-9.html
  • letter.bystrickaya.ru/obshie-metodicheskie-ukazaniya-k-vipolneniyu-kontrolnih-rabot-po-metodike-nachalnogo-obucheniya-matematike.html
  • lesson.bystrickaya.ru/tipi-odnosostavnogo-predlozheniya-sposobi-virazheniya-glavnih-chlenov-v-odnosostavnih-predlozheniyah.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/programma-respubliki-saha-yakutiya-po-okazaniyu-sodejstviya-dobrovolnomu-pereseleniyu-v-rossijskuyu-federaciyu-sootechestvennikov-prozhivayushih-za-rubezhom-na-2008-2011-g-stranica-24.html
  • grade.bystrickaya.ru/obespechenie-kachestva-zaochnogo-obucheniya-v-vuze-tezisi-dokladov.html
  • control.bystrickaya.ru/dolzhnostnih-lic-organizacij-kotorim-napravlyaetsya-reshenie-izbiratelnoj-komissii-altajskogo-kraya-ot-20-goda.html
  • predmet.bystrickaya.ru/shkoli-smolenskoj-gubernii-v-1922-1927-gg-otchet-inspektora-gubono.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchrezhdeniya-nachalnogo-i-srednego-professionalnogo-obrazovaniya-stranica-82.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/tema-13-uroki-istorii-s-ispolzovaniem-tehnologii-problemnogo-obucheniya.html
  • student.bystrickaya.ru/1-fizicheski-razvitij-ovladevshij-osnovnimi-kulturno-gigienicheskimi-navikami.html
  • assessments.bystrickaya.ru/blagoveshensk-amurskaya-obl-rabochaya-gruppa-obshestvennoj-palati-rossijskoj-federacii-po-formirovaniyu-i-vzaimodejstviyu.html
  • college.bystrickaya.ru/351-sushestvitelnoe-v-sushestvitelnom-cr-itogi-istorii-sinteza-razumnoorganizovannih-yazikov-6.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/pushkin-aleksandr-sergeevich.html
  • bukva.bystrickaya.ru/proizvodstvo-zerna.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vojna-za-nezavisimost-kubi.html
  • credit.bystrickaya.ru/pervij-den-zhejmyalisskogo-processa-podrobnosti-gibeli-v-litovskom-mestechke-zhejmyalis-v-fevrale-1930-goda-veterinara.html
  • studies.bystrickaya.ru/gimn-strani-sekreti-psihotehnologii-muzikalnogo-vozdejstviya.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/konkurs-vesyolaya-grammatika-1-klass-otgadaj-zagadki-ryadom-zapishi-otgadki-mordochka-usataya-shubka-polosataya.html
  • reading.bystrickaya.ru/metateza-ocherki-po-abhazskoj-dialektologii.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/ruhliv-gri-v-doshklnomu-navchalnomu-zaklad.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/grazhdanskoe-torgovoe-i-mezhdunarodnoe-chastnoe-pravo-chast-6.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/lekciya-beseda-4-elektivnij-kurs-puti-formirovaniya-zdorovogo-obraza-zhizni-studentov-dlya-medicinskih-i-farmacevticheskih.html
  • thesis.bystrickaya.ru/portret-vipusknika-1-poyasnitelnaya-zapiska.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-sostavleni-v-sootvetstvii-s-uchebnim-planom-i-programmoj-po-discipline-processi-i-apparati-biotehnologii.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/vvedenie-otchet-o-zhenevskom-etape-vsemirnoj-vstrechi-na-visshem-urovne-po-voprosam-informacionnogo-obshestva.html
  • universitet.bystrickaya.ru/sravnitelnaya-harakteristika-genezisa-feodalizma-vo-francii-anglii-germanii.html
  • lesson.bystrickaya.ru/strategii-marketinga-kratko.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/professionalnogo-obrazovaniya.html
  • desk.bystrickaya.ru/olimpiada-po-russkomu-yaziku-v-6-klasse.html
  • klass.bystrickaya.ru/65-provedenie-ekspertizi-na-prodlenie-sroka-bezopasnoj-metodicheskie-ukazaniya-o-provedenii-ekspertizi-promishlennoj.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-k-dokladu-glavi-administracii-dalnekonstantinovskogo-rajona-korotina-yuriya-veniaminovicha.html
  • institute.bystrickaya.ru/fgou-vpo-orlovskij-gosudarstvennij-agrarnij-universitet-docent-alfeeva-m-v.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.