.RU

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Дата15.02.2017өлшемі69.52 Kb.
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы « ___» _________

№ ___ бұйрығына 16-қосымша




«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:

анықтама беру үшін – мыналардың:

салықтық өтініш берген;

резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысандарын резидент емес салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күндердің неғұрлым кеш күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) беру;

2) осы мемлекеттік көрсетілетің қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжделген жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Анықтама көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру журналына қол қойғызып қағаз жеткізгіште беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (резидент емес) белгіленген нысандағы салықтық өтінішті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшасға сәйкес ұсынады:

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар - салық агентінің орналасқан жері бойынша;

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша;

Қазақстан Республикасындағы көздерден түскен табыстардан салықтар төлейтін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар дербес - Қазақстан Республикасына келу (тұрғылықты) жері бойынша табыс етеді.

Келу тәртібінде табыс етілген салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға салық органының қойған белгісімен қайтарылады. Бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгі мен талон беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында, салық органының күту залындағы стенділерде және арнайы бағандарда орналастырылған. Салықтық өтініш нысаны салық органдарында тегін беріледі.



10. Егер:

1) көрсетілетін қызметті алушының (резидент еместін) салықтық өтінішінің деректері көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген;

2) салықтық өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушының табыстарынан салық төленбеген;

3) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) салық агентінде салықтық өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушының (резидент еместердің) табыстарынан салықты аудару бойынша салық берешегінің бар болған жағдайлар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрліктің басшысының не оны алмастырушы адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау болып, оны Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) табылады. Тіркеуден кейін шағым жауапты тұлғаны анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефон нөмірі арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету

ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.



15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары:
8-800-080-7777, 1414.
_____________

Достарыңызбен бөлісу:

a-p-lebedev-istoriya-grekovostochnoj-cerkvi-pod-vlastyu-turok-stranica-27.html
a-p-lenskij-sozdanie-spektaklya-ogromnij-trud-v-kotorom-soedinyayutsya-voedino-tvorchestvo-samih-raznih-professionalov-dramaturga-rezhissera-akterov-hudozhnika-kompozitora-baletmejstera-rabotnikov-tehnicheskih-stranica-4.html
a-p-lopuhin-tolkovaya-bibliya-ili-kommentarij-na-vse-knigi-svyashennogo-pisaniya-vethogo-i-novogo-zavetov-stranica-111.html
a-p-lopuhin-tolkovaya-bibliya-ili-kommentarij-na-vse-knigi-svyashennogo-pisaniya-vethogo-i-novogo-zavetov.html
a-p-medvedev-k-istoricheskoj-ocenke-skotovodchescheskih-obshestv-stranica-4.html
a-p-nasonov-30-marta-2001-g.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-provedenii-rajonnogo-etapa-po-lizhnim-gonkam-sredi-uchashihsya.html
  • bystrickaya.ru/zadachi-sistema-i-funkcii-organov-yusticii-rossijskoj-federacii.html
  • education.bystrickaya.ru/10-fevralya-2009-g-ekaterinburg-otel-ekaterininskij-ul-sherbakova-4.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/portret-molodogo-pokoleniya-yu-n-muhina-otvetstvennaya-za-vipusk.html
  • literature.bystrickaya.ru/dinamika-znachenij-po-osnovnim-pokazatelyam-pri-razvitii-municipalnogo-obrazovaniya-gsayanogorsk-po-umerenno-optimistichnomu-scenariyu.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/xx-ii-yubilejnij-seminar-s-mezhdunarodnim-uchastiem-po-strujnim-otrivnim-i-nestacionarnim-techeniyam-sankt-peterburg-rossiya.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-xvi-dzhon-ronald-ruel-tolkien.html
  • uchit.bystrickaya.ru/ubijstvennaya-pyatidnevka-vremya-novostej-irina-sklyarova-20042005-068-str-4.html
  • urok.bystrickaya.ru/profsoyuz-kak-subekt-trudovogo-prava.html
  • books.bystrickaya.ru/byulleten-novih-postuplenij-za-noyabr-2003-goda.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/akustoelektricheskie-preobrazovateli-principi-raboti-osobennosti-konstrukcii-i-ispolzovaniya.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-15-icebookreaderprofessionalheaderstart.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/mo-specproekt.html
  • predmet.bystrickaya.ru/soveshanie-rukovoditelej-obrazovatelnih-uchrezhdenij.html
  • bukva.bystrickaya.ru/razdel-8-elementi-teorii-kodirovaniya-pridnestrovskij-gosudarstvennij-universitet-im-t-g-shevchenko-inzhenerno-tehnicheskij.html
  • predmet.bystrickaya.ru/specializirovannij-uchebnij-kurs-chelyabinsk-2008-arsenteva-s-s.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prakticheskoe-ekzistencialnoe-konsultirovanie-i-psihoterapiya-stranica-9.html
  • student.bystrickaya.ru/05-13-18-matematicheskoe-modelirovanie-chislennie-metodi-i-kompleksi-programm.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vopros-9-vopros-1.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/4-opisanie-klaviaturi-upravleniya-instrukciya-dlya-naladchika-shvejnogo-avtomata-3650-ev.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sistema-centralizovannogo-monitoringa-i-ohrani-avtotransporta-i-gruzov.html
  • credit.bystrickaya.ru/parlamentskaya-evolyuciya-itogi-babichenko-denis-26102004-43-str-8.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-kursa-pravovie-osnovi-prirodopolzovaniya-i-ohrani-okruzhayushej-sredi-dlya-studentov-5-kursa-po-specialnosti-013600-geoekologiya.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-literature-sostavlena-na-osnove-sleduyushih-dokumentov-federalnij-komponent-gosudarstvennogo-obrazovatelnogo-standarta-utverzhdennij-prikazom-minobrazovaniya-rf-ot-05-03-2004-goda-1089.html
  • assessments.bystrickaya.ru/elektivnij-kurs-po-geografii-dlya-9-klassa-8-chasov-avtor-uchitel-geografii-ssh-4.html
  • urok.bystrickaya.ru/prinuditelnoe-vozvrashenie-pyaterih-bezhencev-bezhenci-iz-uzbekistana-v-stranah-sng-ugroza-ekstradicii-maj-2005.html
  • report.bystrickaya.ru/harakteristika-ulichno-dorozhnoj-seti-po-periodam-razvitiya-generalnij-plan-gorodskogo-poseleniya-fgup-rosnipi-urbanistiki.html
  • klass.bystrickaya.ru/audit-strahovo-kompan.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-2-grazhdanskogo-processualnogo-kodeksa-kodeks-ukraini-o-nedrah.html
  • school.bystrickaya.ru/borba-s-narkobiznesom-v-kirgizstane-chast-15.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/proektirovanie-privoda-press-avtomata-s-plavayushim-polzunom.html
  • essay.bystrickaya.ru/dokazivanie-v-ugolovnom-processe-chast-4.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-15-kultura-delovogo-obsheniya-knorring-v-i-teoriya-praktika-i-iskusstvo-upravleniya-uchebnik-dlya-vuzov.html
  • tasks.bystrickaya.ru/4-bezopasnost-proizvodstvennih-processov-perechen-osnovnih-zakonodatelnih-i-inih-normativnih-pravovih-aktov.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/biznes-plan-malogo-predpriyatiya-metodika-i-raschet-realnogo-proekta-chast-9.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.